Саудалық атауы
Ингавирин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шәрбат 30 мг/5 мл
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа препараттар. Имидазолилэтанамид пентандион қышқылы.
АТХ коды J05AX21
Қолданылуы
- Ересектер мен 3 жастан асқан балаларда А және В тұмауы мен басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (аденовирустық инфекция, парагрипп, респираторлық-синцитиальді инфекция, риновирустық инфекция) емдеу және профилактика.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- Сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- Жүктілік
- Бала емізу кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Дәрігердің алдын ала кеңесінсіз, басқа вирусқа қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ингавирин® препаратының басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында мальтитол бар және тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға қолдануға болмайды. Гидрогенделген глюкозаның калориясына шаққанда 5 мл шәрбаттың құрамында 4 ккал бар. Мальтитол орташа іш жүргізетін әсер көрсетуі мүмкін.
Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат бар. Метилпарагидроксибензоат баяулаған типті аллергиялық реакцияларды, бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Клиникаға дейінгі зерттеу деректері бойынша Ингавирин® препараты эмбриоуытты және тератогенді әсер көрсетпеді. Жүкті әйелдерде бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің бұл санатында қолдануға болмайды.
Лактация кезінде препаратты қолдану зерттелмеген, сондықтан лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттелмеген, алайда әсер ету механизмі мен жағымсыз реакциялардың бейінін ескере отырып, препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді деп болжауға болады.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу және профилактика үшін ересектерге 90 мг (15 мл) күніне 1 рет, 7 жастан асқан балаларға 60 мг (10 мл) күніне 1 рет, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 30 мг (5 мл) күніне 1 рет.
Ересектер мен балалар айқын симптомдар кезінде, сондай-ақ қатарлас жүретін аурулар болған кезде (тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік), аурудың алғашқы 3 күнінде препараттың екі еселенген дозасын қабылдау керек, содан кейін әдеттегі дозада 2-4 күн бойы қабылдауды жалғастыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Ас қабылдауға байланыссыз. Өлшеуіш шприцті құтының мойнына нықтап салыңыз. Құтының түбін жоғары қаратыңыз және шәрбатты қажетті белгіге дейін сорып алып, поршеньді төмен қарай баяу тартыңыз. Қолданғаннан кейін шприцті жылы сумен шайыңыз және оны құрғатыңыз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне бір рет, бір уақытта қабылдаған дұрыс. Ас қабылдауға байланыссыз. Препаратты қабылдауды аурудың бірінші симптомдары байқалғанда, ең дұрысы ауру басталғаннан кейін 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс.
Емдеу ұзақтығы
Ересектер мен 7 жастан асқан балаларда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу ұзақтығы 5-7 күн (жағдайдың ауырлығына байланысты). 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу ұзақтығы 5 күн.
Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар профилактикасы үшін науқас адамдармен байланыстан кейін ересектер мен 7 жастан асқан балаларға препаратты 7 күн бойы, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 5 күн бойы тағайындайды.
Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар
Ингавирин® препаратымен осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жекелеген дозларды өткізіп алғанда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланған жоқ. Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
Жағымсыз реакциялар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1 /10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
- Сирек: аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында:
- белсенді зат - имидазолилэтанамид пентандион қышқылы – 30 мг;
- қосымша заттар: мальтитол (сұйық мальтитол), глицерол, лимон қышқылы моногидраты, ксантан шайыры, натрий метилпарагидроксибензоаты, алмұрт хош иістендіргіші (дәмді хош иісті заттар, табиғи дәмді хош иісті заттар, пропиленгликоль Е1520, су), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, мөлдір, түссіз сәл тұтқыр сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл немесе 90 мл алғашқы ашылуы бақыланатын және балалардың ашып алуынан қорғайтын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпақтармен тығындалған, сақина-адаптермен жабдықталған, полиэтилентерефталаттан жасалған қоңыр түсті құтыларда.
Әр құтыға қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады немесе мәтін тікелей құтыға жазылады.
Өлшеуіш шприці бар бір құты және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл. Құтыны ашқаннан кейін 7 күннен артық сақтауға болмайды. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
АВС Фармацойтичи С.п.А., Италия
Виа Кантоне Моретти, 29 (Локалита Сан Бернардо елді мекені), 10015, Ивреа (Турин).
Телефон/факс: +39 0125.240111 r.a., +39 0125.240169
Электронды пошта: info@abcfarmaceutici.it
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Валента Фарм» АҚ, Ресей
141101, Ресей, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фабричная к-сі, 2-үй.
Телефон: +7 (495) 933-48-62, факс +7 (495) 933-48-63
Электронды пошта: info@valentapharm.com
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйым
«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даңғылы, № 151 үй, № 1106 кеңсе
Тел: +7 (727) 3341551 ішкі 4027
Моб. +7 771 779 79 37
Электронды пошта: asia@valentapharm.com